Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Ұйытқыған жел жауын-шашынды, қар мен жаңбырды айдап өтеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аудандарда бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Метеорологтар ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігін әлі де алып жатқанын атап өтті.
«Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік жартысы ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, яғни жаңбыр жауып, найзағай ойнайды», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарламасында.
Синоптиктер сонымен қатар республика бойынша жел күшейетінін ескертті.
Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.