«Қазгидромет» РМК 5, 6 және 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысын қатты жаңбыр жауады.
7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады», — деп хабарлады метеорологтар.