Синоптиктер 28, 29 және 30 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Айдың соңына қарай ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
«Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді», – деп хабарлады синоптиктер.