Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батыс аймақтарынан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталады. Соның әсерінен көшпелі бұлт шығып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Кейбір аймақтарда күндіз бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.
19 тамызда – Батыс және Шығыс Қазақстанда,
20-21 тамызда – солтүстік-батыс өңірлерде,
21 тамызда – елдің солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі.
Ал оңтүстік аймақтарда антициклон ықпалы байқалып, ауа райы негізінен ашық болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Температуралық көрсеткіштер де өзгеріссіз емес:
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендеп, түнде +10…+17°C, күндіз +17…+25°C аралығында болады.
Шығыс Қазақстанда түнгі уақытта +5…+15°C, күндіз +22…+29°C шамасында күтіледі.
Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.




