7-9 желтоқсан аралығында республика аумағында солтүстік циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.
Аймақтар бойынша негізгі болжамдар:
• Шығыс өңірлерде қатты қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін.
• Оңтүстік аймақтарда жаңбыр қарға ұласады, ал таулы жерлерде қатты жауын-шашын болжануда.
• Шығыс, оңтүстік және орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі.
• Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы:
• Түнде:
• Батыста: 5-13°С аяз.
• Солтүстік-батыста: 13-25°С аяз.
• Солтүстікте: 20-25°С аяз.
• Орталықта: 15-28°С аяз.
• Шығыста: 18-26°С аяз.
• Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: 8-21°С аяз.
Синоптиктердің мәліметінше, температура біртіндеп төмендей береді.