Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді, сол себептен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында аяз, 23 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
massaget.kz