Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ та болжанады.
«Еліміздің батысында ауа температурасында өзгерістер күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін аздаған төмендейді», — деп жазылған мәліметте.