Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алатау қаласында «Референдум аллеясы – 2026» көшеттері отырғызылды

Алатау қаласында республикалық референдум күні «Референдум аллеясы – 2026» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шара аясында тұрғындар, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар мен еріктілер бірігіп, ағаш отырғызды.

Іс-шараның ұраны – «Біз таңдау жасадық — енді бірге болашақты құрамыз». Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция референдум күні азаматтық белсенділікті көрсетумен қатар, болашаққа бағытталған символдық бастама болды.

Акцияға Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов қатысып, тұрғындармен, жастармен және еріктілермен әңгімелесті. Оның айтуынша, бұл күн тек маңызды саяси оқиға ғана емес, сонымен қатар болашаққа деген ортақ жауапкершіліктің белгісі.

«Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Референдум — азаматтардың таңдауы. Ал ағаш отырғызу әрбір таңдау болашақ ұрпаққа даму, өсім және игілік әкелуі тиіс екенін білдіреді», – деді қала әкімі.

«Референдум аллеясының» алғашқы көшетін қала әкімі ардагер және мектеп оқушысымен бірге отырғызды. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығы мен ортақ болашақ алдындағы жауапкершіліктің символына айналды.

Аллеяға отырғызылған әрбір ағашқа символдық атаулар берілді. Олардың қатарында Бірлік, Даму, Болашақ, Келісім, Жауапкершілік, Жастар, Жасампаздық, Халықтар достығы, Еңбек және Өркендеу атаулары бар.

Шара соңында қатысушылар жаңа аллея жанында естелікке ортақ суретке түсті. Қала әкімінің айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық келісімді нығайтуға және қолайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Илийском районе в день референдума на голосование пришли мультперсонажи «Зерополиса»

Николай Иващенко
15.03.2026

Ярмарка сельскохозяйственной продукции прошла в Кегене в день референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

Явка граждан на референдуме по новой Конституции Казахстана на 14:00 составила 51,93% — ЦИК

Николай Иващенко
15.03.2026

Лесники в Шонжи проголосовали и посадили 30 деревьев на школьном дворе

Николай Иващенко
15.03.2026

В день референдума в Алматинской области родились 24 малыша

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz