Жаңа бағыттардың ашылуына орай салтанатты рәсім өтіп, оған қала әкімі мен қала ақсақалдары қатысты.
Жаңа маршруттар қала мен оған іргелес елді мекендерді қамтиды. Атап айтқанда, бағыттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл елді мекендері арқылы өтеді.
Жоба тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдетіп, қала мен маңайдағы ауылдар арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған. Жаңа маршруттар іске қосылғаннан кейін аталған елді мекендердің тұрғындары үшін қоғамдық көлікпен қатынау анағұрлым қолайлы бола түспек.
Қала әкімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрғындардың сұранысын ескере отырып жалғасатынын атап өтті.
Жаңа автобус бағыттарының іске қосылуы қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.
Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.





