Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Айына 100 тонна: алматылық кәсіпкер құрғақ шұбатқа сұранысты өндіруге үлгермей жатыр

Қазақстан түйенің құрғатылған сүтіне мұндай көлемдегі сұранысты дәл қазір қанағаттандыра алмай отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Lada.kz

Lada.kz

Іле ауданындағы «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығының жетекшісі құрғақ шұбатқа деген сұраныс жыл сайын артып келе жатқанын айтады. Осы уақытқа дейін шаруашылық қазақстандық өніммен Кеден одағы елдерін қамтамасыз етіп келген. Алайда, Украинадағы соғысқа байланысты жоспарды орындау мүмкін болмай отыр. Десе де, құрғақ шұбатқа деген әлемдік сұраныс жоғары. Қазір тапсырыс берушілердің қатарына Қытай мен Дубай қосылған. Жергілікті кәсіпкер өтініштерді қанағаттандыра алмай жатыр.

«2019 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барғанда шұбатты экспорттауға жол ашып берді. Осылайша, 1 млрд теңге инвестиция тартып, өткен жылы түйе сүтін құрғататын зауыт аштық. Қазір өнімнің 70-80% Қытайға, Дубайға экспортталады. Құрғақ сүтке сұраныс 100 тонна болып тұр. Сол себепті түйе басын 15000-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — дейді кәсіпкер Сыдық Дәулетов.

Кәсіпкердің шаруашылығында осы күні небары 5000 түйе бар. Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 30 тонна дайын ұнтақты құрайды, жобаның құны – 1 млрд теңге. Шұбаттың тәуліктік сауымы 5-7 тоннаны құрайды.

Сусынға деген мұндай сұраныс оның дәрумендерге  бай құрамына (кальций, мыс, темір, магний, мырыш, фосфор және басқа да В1, В2, С және D) байланысты. Ми мен жүйке жүйесін қоректендіретін лактоза да көп.

Шұбат асқазан жарасы, демікпе және туберкулез кезінде пайдалы. Ұйқы безінің, ішектің, бауырдың жұмысын қалыпқа келтіреді, жүйке жүйесін нығайтады, ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Шұбат витамин тапшылығы, қант диабеті, анемия, сарқылу, псориаз, созылмалы гастрит және колит үшін профилактикалық және емдік құрал ретінде ұсынылады. Шұбат табиғи иммуномодулятордың қасиеттеріне ие.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

1 of 9
- +
Тегтер: шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz