Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет 120 каналды реконструкциялау мен 9 су қоймасын салу бойынша жұмысты бастады

2021 жылғы қыркүйек және 2022 жылғы наурыздағы Президент Жолдауынан кейін ел өмірінде қандай өзгерістер болғаны туралы Үкіметтің ресми сайты шолу дайындады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

31.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Су объектілерінің экожүйелерін сақтау және ресурстарды ұқыпты пайдалану үшін Үкімет 120 каналды реконструкциялау, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 9 су қоймасын салу бойынша жұмысты бастады.

Реконструкциялау жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізу суармалы жерді 2,2 млн га дейін жеткізуге және су шығынын жыл сайын 800 млн м3 төмендетуге мүмкіндік береді деп күтіледі. Сондай-ақ бұл ауылды жерлерде 120 мың жұмыс орнын құруға және жыл сайын 510 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар 9 су қоймасын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді және көрші елдерден су алудың ішінара төмендеуіне әкеледі.

Сондай-ақ Президент стратегиялық инвесторлармен бірлесіп еліміздің түрлі өңірлерінде кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергетика қуатын іске қосу міндетін қойды. Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жүреді, қазірдің өзінде 715 МВт қуаттылық іске қосылды.

ЖЭК – жаңартылатын ресурстардан алынатын энергия: күн сәулесі, жел, жаңбыр, геотермалдық жылу. ЖЭК артықшылықтары: ол сарқылмайды, табиғаттың экологиялық және жылу теңгеріміне оң әсер етеді, пайдалану қолжетімділігі, жерді шаруашылық және энергетикалық мақсаттар үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда республикада қуаты 2 332 МВт 142 ЖЭК объектісі жұмыс істейді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тегтер: жолдауинфрақұрылым

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz