Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жұлдызай–2025» ойындарында Алматы облысының балалары үздік нәтиже көрсетті

2025 жылдың 1–4 қазан күндері Астана қаласында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер арасында «Жұлдызай–2025» ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген балалармен қатар, Алматы облыстық №1 және №2 арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері де қатысып, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Жұлдызай» жобасы – мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған ұлттық қозғалыс. Ойындар жыл сайын өткізіліп, инклюзивті қоғам құру идеясын насихаттайды. Биылғы жарыстарға жүздеген жас спортшы қатысып, өздерінің қайсарлығы мен табандылығын көрсетті.

Алматы облысынан келген балалар бірқатар спорт түрлерінде жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Ойын спорт түрлері бойынша:
? Рахимов Айдарбек – 1 орын
? Жолтай Інкәр – 1 орын
? Дулат Едіге – 2 орын

Ересектер тобы бойынша:
? Смағұл Диас
? Тлеухан Бауыржан
? Өшірбай Ақжол
? Ерлан Нұрасыл – барлығы 3 орын

Балалар футбол жарысында – 2 орын
Қуанышұлы Нұрғиса, Байғожаев Нұрбол, Еркінбек Айқын, Тищенко Евгений, Серікбаев Еркебұлан, Әбділда Нұргелді, Ашат Еркебұлан, Шабден Беглан және Юнусов Зуляр.

Жеңіл атлетика бойынша:
? Жақанбай Аяжан – 2 орын
? Мэлс Сезім – 2 орын
? Зайкенов Әлем – 2 орын
? Жақанбай Айсұлтан – 3 орын

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысының тәрбиеленушілері ерекше дайындық пен намысты ойын көрсетті. Балалар тек медаль иеленіп қана қоймай, өздерінің рухани және физикалық әлеуетін дәлелдеді.

«Бұл жетістіктер – балалардың табандылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі. Біздің тәрбиеленушілердің жетістіктері инклюзивті спорттың дамуына зор үлес қосып отыр. Біз олардың барлығымен мақтанамыз!», – деп атап өтті облыстық арнайы мектеп-интернатының өкілдері.

«Жұлдызай–2025» ұлттық инклюзивті ойындары – ерекше балаларға өз күшін сынауға, жаңа достар табуға және өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Алматы облысының жастарының бұл жеңісі – инклюзивті спорттың өркендеуіне, қоғамдағы тең мүмкіндіктер идеясын нығайтуға қосылған зор үлес.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz