Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ЖОО-нын үздік тәмамдағандар мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылданады

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің (МҚІД) басшысы Ләззат Бейсеқұлова айтты.

14.02.2023
Аймақ

Мемлекеттік грантпен ЖОО-нын үздік бітірген түлектер 1 жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы төменгі лауазымдарға байқаусыз орналаса алады.

Департамент басшысының мәліметінше, МҚІД басты міндеттерінің бірі — мемлекеттік қызметте жұмыс істей алатын дарынды жастарды іріктеу. Президенттің мемлекеттік қызметке кіруді және шығудағы артық кедергілерді жою және жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес, Агенттікпен жаңа тәсілдер әзірленіп, арнайы заңға қажетті түзетулер енгізілді. Бұл шаралар талантты әрі білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға, оларды ынталандыруға, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.

«Атап айтсақ, біріншіден, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Екіншіден, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына, мысалы облыстық деңгейде басқарма немесе департамент басшысы лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар. Үшіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен магистранттар мен докторанттар оқуды бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындау қарастырылды», — деді Ләззат Мұқатайқызы.

Сонымен қатар спикер баспасөз-конференциясы барысында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Агенттік биылғы жылдың екінші жартыжылдығында «ПМКР 3.0» Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті үшінші іріктеуді өткізуді жоспарлап отыр», — деді Ләззат Бейсеқұлова.

Айта кетейік, өңірде мемлекеттік қызметкерлердің саны – 3703.

Тегтер: Алматы облысыЖООконкурс

Соңғы жаңалықтар

Новый историко-краеведческий музей открыли в селе Баканас

Николай Иващенко
09.03.2026

Специализированная кардиологическая помощь без границ: первые операции по стентированию успешно проведены в Енбекшиказахской МЦРБ

Николай Иващенко
09.03.2026

150 га земель возвращены в госсобственность в Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Проверьте себя в списке избирателей: информация для жителей Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Алматинской области усилены профилактические рейды по безопасности на льду

Николай Иващенко
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz