Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды

Жетісу облысының Текелі қаласында жас құтқарушылардың кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті.

02.02.2023
Аймақ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кадет-құтқарушылар қатарына Текелі қаласындағы №4 орта мектептің 4-сыныбында оқитын 30 оқушысы қабылданған.

Бұл – облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен білім басқармасының бірлескен бастамасының арқасында құрылған Жетісу облысындағы екінші сынып. Алғашқы «Жас құтқарушы» кадет сыныбы Ақсу ауданында 2021 жылы ашылған.

Кадет сыныбының ашылу салтанатына Жетісу облысы ТЖД бастығы, полковник Бауыржан Ізбасаров, Текелі қаласының әкімі Алмас Әділ және білім басқармасының өкілдері қатысты.

Оқушылар мен мектеп ұжымы қонақтарға таныстыру экскурсиясы мен концерт дайындады. Жаңа кадеттер салтанатты түрде Отанға адалдық антын қабылдап, арнайы куәліктер алды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

1 of 3
- +

«Енді сіздер тек мектеп оқушылары емессіздер. Сіздер форма киіп, ант бердіңіздер. Бұл сіздерге белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Өз жолдарыңызды енді таңдап келе жатқан азаматсыздар. Кадет сыныбы мен мектептің абыройын әрқашан дәріптейтіндеріңізге сенемін!», — деді ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаров.

Кадет сыныбының оқу бағдарламасына азаматтық қорғау, алғашқы әскери дайындық, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету саласындағы және факультативтік сабақтар кіреді.

Айта кетсек, Жетісу облысы ТЖД-ның алдағы жоспарлары аясында жаңа кадет сыныптарын құру және ашу жұмыстары жалғасады, ал болашақта олардың арасында түрлі жарыстар өткізілетін болады.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

1 of 5
- +
Тегтер: Жетісу облысыкадетТекелі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz