Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында өзен суының тасу қауіпі жоғары

"Қазгидромет" РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады.

06.03.2023
Аймақ

Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалды.

«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды.

«Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді», – делінген хабарламада.

Қауіп жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

«Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 13-44%-ға төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары», — деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасып жатыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері орташа көпжылдық мәндерден жоғары. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі орташа көпжылдық мәндерден төмен.

Топырақтың қату тереңдігі Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 5-тен 115 см-ге дейін жоғары. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 6-дан 35 см-ге дейін төмен.

«Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін», — деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде күн райы негізінен жылы және жаңбырлы болуы мүмкін.

Тегтер: Жетісу облысыҚазгидрометөзен суысу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

Еще три авиарейса: казахстанцев продолжают вывозить с Ближнего Востока

Николай Иващенко
10.03.2026

Дождь, снег и ветер: в Алматинской области объявлено штормовое предупреждение

Николай Иващенко
10.03.2026

27-летняя казахстанка исчезла при загадочных обстоятельствах во Вьетнаме

Николай Иващенко
10.03.2026

Убийство семьи в Атырауской области: найдены еще два тела

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz