Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында ер адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды

Жетісу облысында кісі өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.

10.04.2023
Аймақ
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 сәуірде Сарқан қаласының маңындағы ауылдық жолдың жағасында бірнеше күн бойы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 58 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Сот сарапшылары оның басынан атып өлтірілгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарқан ауданының полицейлері облыстық департаменттің жедел қызметкерлерімен бірлесіп, 22-23 жас аралығындағы екі күдіктіні ұстады.

«Кісі өлтіру қылмысының тас жолда жасалғаны анықталды. Оған жәбірленушінің ақшалай қарызы және оның мүлкін тартып алу түрткі болған. Жәбірленушіден 20-дан аса қой мен ешкі ұрланған, олардың бір бөлігін сатып жіберген. Қазір ұрланған мал табылып, жәбірленушінің туыстарына қайтарылды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бақшасында көмілген қосауыз шолақ мылтық қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Жұрынов.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамалды.

Тегтер: Жетісу облысықылмыстық топСарқан ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz