Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында Астана күніне орай 100-ге жуық отбасына пәтер кілттері табысталды

Баспана кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл салтанатты түрде табыстады.

06.07.2023
Аймақ

Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарласы бойынша салынған 5, 7, 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 25 жылдық мерейтойы қарасаңында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспана кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл салтанатты түрде табыстады.

«Талдықорған қаласында 15 мың адам үй кезегінде тұр. Ендігі біздің міндетіміз – кезекте тұрғандардың санын екі есе қысқарту. Ол үшін жылына кемінде 1500-2000 шаршы метр үй беруіміз керек. Осыған дейін кезекке байланысты түсінбеуішілік, заңсыздықтар болды. Тұрғындар кезегін цифрлық жүйеге көшірдік. Енді кез келген адам өз кезегін үйінде отырып-ақ бақылай алады. Қуаныштарыңыз ұзаққа созылсын. Осы үйде өніп-өсіп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!», — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Артынша облыс басшысы тұрғын үйді уақытылы әрі сапалы салған «Шымыр» ЖШС директоры Руслан Валишановқа өз атынан ерекше алғысын білдірді.

«Бүгін көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Барлықтарңызға осындай қуаныш тілеймін. Баспанасыз жүргендерге жұғысты болсын. Сіздерге көп рақмет», — деп жылы лебізін білдірді жаңа пәтер иесі, көпбалалын ана Қоңырқаз Ислам.

Талдықорған қаласында жыл басынан бері 280 адам баспаналы болды. Енді жыл соңына дейін тағы 1700 адам үй алады. Нәтижесінде 51 үй пайдануға беріледі. Олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, ардагерлер мен І-ІІ топтағы мүгедектері. Бүгін берілген үйдің құрылысы 2020 жылы басталған болатын. 98 пәтердің 42-сі 1 бөлмелі, 28-і 2 бөлмелі, 28-і үш бөлмелі пәтерлер.

 

1 of 4
- +
Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz