Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында 40-қа жуық отбасы апатты үйде тұрып жатыр

Жетісу облысындағы Сарыөзекте апатты деп танылған екі қабатты 5 үйде 40-қа жуық отбасы тұрып жатыр.

23.12.2022
Аймақ

Тұрғындар бір күнде үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқады. Бірақ әкімдік оларды қауіпсіз үйге көшіруге асығар емес. Себебі, оларды қазір қоныстандыра қоятын үй жоқ.

«Биыл біздің үйді апатты деп таныды. Алайда, әлі осы жерде тұрып жатырмыз. Билік бізге бір жағдай болғанын күтіп отыр ма, түсініксіз. Бізде сондай сәттен кейін ғана қозғала бастайды ғой», — деді апатты деп танылған үйдің тұрғыны Шәйгүл Малаева.

Шәйгүл Малаева әкімдіктің құрғақ уәдесінен шаршағанын айтады. Ол қабырғалары жарылып, жауын жауса жан-жағынан су сорғалайтын үйдің тесігін бітеп шаршадым дейді. Тұрғындар сыз тартқан үйде балалары да ауырып, сабақтан жиі қалатынына қиналады.

Ал Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов үйлердің апатты деп танылғанын растады, бірақ дәл қазір тұрғындарды өзге үйге көшіре алмайтынын жеткізді. Себебі, Сарыөзекте дайын тұрған пәтер жоқ.

Айта кетейік, Сарыөзек ауылы Кербұлақ ауданының орталығы болып табылады.

«Келер жылы Сарыөзекте 60 пәтерлі үй салынады деп жоспарланды. Ол баспаналар әлеуметтік осал топтарға беріледі. Бірақ біз Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың атына осы апатты деген үйлердің тұрғындарына жаңа баспана беру мәселесін ұсынайық деп отырмыз», — деді Қанат Есболатов.

Тегтер: апатты үйЖетісу облысыСарыөзек

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz