Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысы полицейлері мемлекеттен пәтерге бөлінетін қаржыны ала алмай жүр

Тәуелсіз журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция қызметкерлерінің сәуірден бері баспанаға бөлінетін қаржыға қол жеткізе алмай жүргенін жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.09.2022
Аймақ

«ҚР-ның Ішкі істер министрлігі аталған мәселеге бей-жай қарамауын сұраймын. Сәуірден осы күнге дейін біздің полиция қызметкерлеріміз, атап айтқанда, аудандық полиция бөлімінің мамандары баспанаға бөлінетін қаржыны ала алмай жүр. Қазір олар жеке бас несиелерін өте алмай, қарызға белшеден батты. Айлықтары шайлықтарынан аспайды», — деп жазды өзінің хабарламасында Сандуғаш Дүйсенова.

Сондай-ақ ол құқық қорғау органының қызметкерлері бұл мәселені ашық айта алмайтынын, айтса жұмыстан қуылатынын айтты.

Жетісу облысының полиция департаменті болса, аталған қаржы республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен бөлінетінін алға тартады.

«Қазіргі таңда полицейлерге 175,3 млн теңге қаржы бөлінбей тұр. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 498,4 млн теңгеге жетеді», — деді ПД өкілі.

ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қосымша қаржы бөлу туралы сұраныс облыстық әкімдікке бірнеше мәрте жіберілді. Және бұл мәселеден ҚР ІІМ-нің де хабары бар. Десе де, ақша әлі бөлінбеді. Тамызда да сұраныс хат жіберілді. Қызметкерлердің тұрғын үйге қажетті қаржысы осы хаттағы сұраныс қабылданып, ақша бөлінсе, есепшоттарға аударылады.

Тегтер: Жетісу облысықаржымемлекетпәтер

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz