Солардың бірі – жас мемлекеттік қызметкер Темірхан Ермахан Қайратұлы. Ол сайлау учаскесіне таңертең ерте келіп, өз таңдауын жасағандардың қатарында болды.
– “Бүгін сайлауға өз дауысымды беруге келдім. Өзім таңдаған үміткерге сенімдімін. Ауданымыздың, ауылымыздың дамуына үлкен үлес қосады деген үміттемін. Сайлауға қатысып, дауыс беру әр азаматтың борышы деп білемін”, – дейді ол.
Ермахан – аудан әкімдігінде бас маман болып қызмет атқарады. Ол бұл сайлауды тек әкім таңдауы ғана емес, сонымен қатар, өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі деп санайды.
Жас буынның мұндай саяси белсенділігі – ел ертеңінің сенімді қолда екенін көрсетеді.





