Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңа дәуірдің жарысы: жасанды интеллект спорттық ойындарға енді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты бастамасы аясында бүгін қосымша білім беру педагогтерінің арасындағы облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жарыс Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Тақырып: «Жасанды интеллектті спорттық ойындарда біріктіру» болды.

Ондағы мақсат қосымша білім беру жүйесіне цифрлық трансформациялау мен инновацияларды енгізу. Сонымен қатар, педагогтердің жасанды интеллект технологияларын спорттық және ойындық үдерістерге интеграциялау жөніндегі білімін тереңдетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Турнирге облыс бойынша 9 аудан 2 қаладан барлығы 92 ойыншы қатысты. Олар «Асық ату», «Бестас», «Үстел теннисі», «Тоғызқұмалақ» және «Шахмат» бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар табысталды.

“Есік қаласы оқушылар үйінің ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтарының арасында асық ату, бес асық, тоғыз құмалақ, үстел теннисі және шахмат ойындарынан жарыс өткізіліп жатыр. Ойынға 9 аудан 2 қаладан барлығы 92 ойыншы қатысты. Бұл іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру саласына инновациялық және цифрлық технологияларды енгізуге зор үлес қосты”, — деп атап өтті бүгінгі жарыстың төрешісі Аскат Абишев.

Қатысушылардың ойынша, турнир өте жоғары деңгейде өтті.

“Бүгінгі облыстық турнир өте жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Ұйымдастырушыларға рақмет. Келешекте осындай ұлттық ойындарды дамытатын жарыстардың санын арттырса, тіпті жақсы болар еді”, — дейді қатысушы педагогтердің бірі.

Бұл турнир – білім беру жүйесіндегі инновация мен дәстүрдің үйлесімін көрсеткен маңызды қадам болды. Іс-шара педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын айқындады. Мұндай бастамалар болашақта цифрлық сауатты, заманауи көзқарастағы педагогтер буынын қалыптастыруға серпін беретіні сөзсіз.

Тегтер: Басты жаңалықтарЖИ және ұлттық ойындар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz