Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданында аламан бәйге өтті

25-қазан — Республика күніне орай Алматы облысы Жамбыл ауданында өңірдің ұлттық спортқа жанашыр азаматтары мен Алматы облыстық бәйге федерациясының ұйымдастыруымен, Жамбыл ауданының әкімдігінің қолдауымен 100 шақырымдық «Ұлы Аламан бәйге» өтті.

26.10.2023
Аймақ

Бәйгеге Алматы, Жамбыл, Жетісу облысынан барлығы 70 ат қатысып, бақтарын сынады. Қаншеңгел ауылынан бастау алған бәйге Қопа ауылында мәресіне жетті.

Нәтижесінде жүлделі 1-орынға Жамбыл ауданы Дегерес ауылының тұрғыны Еркін Айдынның «Білезік» атты сәйгүлігі ие болып, 2 миллион теңгені қанжығасына байлады, ал жүлделі 2-орынға Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны, ардагер атбегі Орынтай Әмірғалиевтің «Бойтұмар» атты тұлпары ие болып, 1 миллион теңгені ұтып алса, 3-орын Жамбыл ауданы Кеңсай ауылының тұрғыны Ержан Маямеровтың «Қарагер» атты сәйгүлігі ие болып, 600 мың теңгені қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, осы бәйгеде 100 шақырымдық бәйгеге қатысып, бақ сынаған 4,5,6,7,8,9-орын алған тұлпарлар да бағалы сыйлықтармен марапатталып, сый-құрмет көрді.

Бәйгеден бөлек күрес, қол күрес, ләңгі тебу, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан да жарыстар өтіп, жүлдеге ие болған спортшылар марапатталды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарбәйгеЖамбыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz