Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жайлы мектеп» жобасы: Талғар ауданында білім беру инфрақұрылымы күшейтілуде

Алматы облысы Талғар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба аясында Кайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдай бастады. Бұл ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалыққа айналды.

Сонымен қатар, «Айғаным» шағын ауданындағы Көктал ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да мәреге таяп қалды. Жаңа оқу жылы басталғанда бұл білім ордасы да өз есігін оқушыларға айқара ашпақ.

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, бұған дейін Жалғамыс және Көктал ауылдарының мыңнан астам баласы көрші ауылдар мен Іле ауданына қатынап оқуға мәжбүр болған. Олар Қызыл-Ту ауылындағы №24 мектепке және Іле ауданындағы №7, 13, 24, 38 мектептерге барып жүрген. Бұл жағдай балалар мен ата-аналар үшін үлкен қиындықтар туғызған еді. Ұзақ жылдан бері тұрғындар өз ауылдарынан мектеп ашу туралы Білім министрлігіне бірнеше мәрте өтініш білдірген болатын.

Осы мәселе «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына енгізіліп, нақты шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық уақытты алды. Құрылыс жұмыстары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына» қоры болса, мердігер ұйым ретінде «KazSMU» ЖШС жұмыс атқаруда. Нысанды биылғы қазан айында толық тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалды: мектеп ғимаратының қаңқасы толық аяқталған, ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру шаралары жүріп жатыр.

Жаңа білім ордасында кітапхана, кең асхана және заманауи спорт залы қарастырылған. Ғимарат барлық санитарлық-гигиеналық және сәулет-құрылыс талаптарына толықтай сәйкес келеді.

Бұл білім нысандары – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстың жемісі. Жобаның жүзеге асуы арқылы ауылдық жерлерде білім беру сапасы артып, балалар өз ауылында қолайлы әрі қауіпсіз жағдайда білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz