«Өрт Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан зауытта шыққан. Қауіптің үшінші дәрежесі белгіленіп, қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғары температура мен от жүктемесінің үлкен болуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып тұр», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытқа дейін 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Министр Шыңғыс Әрінов бұл уақытта Алматы облысында жұмыс сапарымен болған және өртті сөндіру шараларын тікелей өзі үйлестіріп отыр.





