Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мұражай басшысы: заманауи әжелердің жас көрінуге құмарлығы басым

Мұны Қарасай ауданында өткен фестиваль кезінде «Анаға құрмет» мұражайының басшысы Аршагүл Серікқызы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.09.2022
Аймақ

«Анаға құрмет» мұражайы Қазақстан бойынша әлеуметтік желіде «Ақ кимешек – айбыным» байқауын жариялаған болатын. Мақсаты – ұмыт болуға айналған дәстүрімізді қайта жаңғырту, насихаттау. «Ақ кимешек – айбыным» байқауының талабы бойынша әйелдер кимешекпен түскен суретін жіберу керек. Байқауға Қазақстан бойынша 250 адам қатысқан.

«Қазіргі таңда кимешек кию қалып барады. Әжелер өте сирек киеді. Әжелер заманауи көрініп, өздерін жас көрсетуге құмар. Біз, мұражай мамандары кимешектерді мұражайға ғана қойып қоймай, соны насихаттаудың көптеген жолдарын қолға алып келеміз», — дейді «Анаға құрмет» мұражайының басшысы Аршагүл Серікқызы.

 

1 of 5
- +

Байқау нәтижесі бойынша көне кимешекті көзіндей көріп, ғасырлар бойы сақтап келген 7 әже анықталды. Бұл кимешектер 100 жыл бұрын тігілген. Жібек жіппен, асыл тастармен безендірілген. Матаны пішуі мен қонымдылығы да ерекше.

Айта кетейік, айтулы шараға қырғыз жерінен ұлттық дәстүрді әлі күнге дәріптеп келген әжелер де ат артып келді.

«Бұл байқауға арнайы келдік. Қазақ-қырғыз кимешектерін салыстырып, ұқсастығын көрдік. Біз 6 кимешек алып келдік. Шара сондай жақсы өтіп жатыр. Қазақ аналарына алғыс айтамыз», — деді Қырғыз Республикасының салттық білімдер шебері Әсел Қалқанова.

Шара соңында жеңімпаз иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

 

1 of 9
- +
Тегтер: Қарасай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz