Вандализм мен нашақорлық- қоғамға төнген ортақ қауіп. Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Өкінішке қарай, соңғы жылдары вандализм мен нашақорлық сияқты келеңсіз құбылыстар жиілеп, қоғамдық тәртіпке, жастардың болашағына және елдің дамуына елеулі қауіп төндіруде.
Вандализм- бұл қоғамдық мүлікті әдейі бүлдіру, қорлау, тарихи және мәдени нысандарға зиян келтіру әрекеті. Сынған аялдамалар, бояумен шимайланған ғимараттар, қираған балалар аландары- мұның бәрі тек материалдық шығын ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени деңгейінің төмендеуін көрсетеді. Вандализмге жол берген адам өз ортасына, өз қаласына, тіпті өз болашағына балта шабатынын түсінуі тиіс.
Ал нашақорлық-адам денсаулығына ғана емес, бүкіл қоғамды іштен ірітетін аса қауіпті дерт. Есірткіге тәуелділік адамның өмірге деген қызығушылығын жойып, оны қылмысқа, зорлық- зомбылыққа, вандалдық әрекеттерге итермелейді.
Көп жағдайда вандализм мен ұсақ құқықбұзушылықтардың түп-төркіні дәл осы нашақорлықпен байланысты.
Бұл екі мәселе әсіресе жастар арасында алданушылық тудырады. Бос уақытты тиімді пайдаланбау, рухани тәрбие мен құқықтық сауаттың жеткіліксіздігі, әлеуметтік желідегі теріс ықпалдар қоғамды қате жолға бағыттауы мүмкін.Сондықтан отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет бірлесе отырып, алдын- алу шараларын күшейтуі қажет.
Осы орайда, еріктілер кеңесі мүшелерімен Қонаев қаласында орналасқан ғимараттардың сырт келбетінде вандализм ошақтарын өшіру жұмыстары жүргізілді.
Таза қала, қауіпсіз орта, дені сау ұрпақ- бұл баршамыздың ортақ мақсатымыз. Вандализм мен нашақорлыққа «Жоқ» деп айту арқылы ғана біз болашағы жарқын, мәдениеті жоғарғы қоғам құра аламыз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
А.Е. Нурекина





