Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында «Таза Қазақстан» аясында 1,2 тонна ағаш тұқымы егілді

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бұл науқан өңір тұрғындарының белсенді қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Аудан аумағында «Қарадала орман шаруашылығы» КММ мен Ұйғыр ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасымен 10 шақырымға созылған аумаққа 1,2 тонна қараағаш тұқымы егілді. Бұл көлем шамамен 150 қапқа тең. Мамандардың айтуынша, бір тонна тұқымнан мыңдаған жас көшет өсіп, болашақта бұл жер толыққанды орман алқабына айналады.

Экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында «Таза Қазақстан» логотипі бейнеленген аумақ алдағы уақытта демалыс саябағына айналмақ. Жоба өңір экологиясын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусизованың айтуынша, бұл жоба ағаш отырғызудан бөлек, келер ұрпаққа экологиялық жауапкершілік туралы үлгі көрсету мақсатын да көздейді.

«Экологияны сақтау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Табиғатқа бүгін еккен әрбір дән – ертеңге салынған инвестиция. Бұл бастама тек жасыл желекті көбейтіп қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам», – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде ағаш отырғызумен қатар, су көздерін тазарту, қоқыс полигондарын жою және экотуризмді дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz