Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

Өңір халқының игілі үшін тұрғызылған ғимарат Ұйғыр ауданы, Кіші Дихан ауылында орналасқан, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

01.11.2023
Аймақ

2023 жылдың басында құрылысы басталған нысан мерзіміне сәйкес қолданысқа берілді.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысып, аймақ халқының қуанышымен бөлісті.

Өңірде мұндай жайлы, жарық спорт кешені бұрын соңды болмады деген Кіші Дихан округінің әкімі Елдос Таубалдин, келешекте бұл жерден әлемді бағындыратын дүлділдер шығатынына сенімді екенін жеткізді.

«Көптен күткен қуаныш. Аймақ халқының үлкенімен кішісі дән риза. Біздің округте жалпы 2,5 мың адам тұрса, соның 800-ден астамы жастар. Ендігі кезекте жас буын өзінің бос уақытын тиімді өткізетін болады. Ол үшін бар жағдай жасалған», — дейді Кіші Дихан округінің әкімі Елдос Таубалдин.

Екі қабатты ғимаратта әмбебап спорт залы, бокс және күрес залдары, әкімшілік-техникалық бөлмелер, 24 және 15 орындық киім ауыстыратын бөлме, жаттығу залы, медициналық қызметкерлердің кабинеті бар.

Жобалық құны 828,2 млн теңге болған кешеннің жалпы аумағы — 1509,80 шаршы метр.

50 орынға лайықталған нысан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынса, оның құрылысын «СП-Нефть» ЖШС мердігер компаниясы жүргізген.

Тегтер: Алматы облысыспорт кешеніҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz