Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында ҚХА-ның алғашқы сессиясы өтті

Алматы облысы Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық І сессиясы ұйымдастырылды. Іс-шара 9 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сессия жұмысына Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Әсел Мұратқызы Джалғаспаева төрағалық етті.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралып, аудан көлемінде бірлік пен келісімді нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Ұйғыр ауданының әкімі, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бота Серікқызы Елеусізова Ассамблеяның қоғамдағы рөлі мен стратегиялық маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнет Керімқұлов, ҚХА мүшесі Ришат Розахунов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлжахан Аликеева және Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Арлен Османов сөз сөйледі.

Сессия барысында жастар да белсенділік танытты. Аудандық Ассамблея жастарының төрайымы Ақжан Сегізбаева этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда жас буынның рөлін айрықша атап өтті.

Жиын соңында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар пікір алмасып, сессия жұмысы қорытындыланды.

Тегтер: Алматы облысыҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz