Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

Ауыл шаруашылығы – Ұйғыр ауданының басты салаларының бірі. Шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Ұйғыр ауданында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл көрме – тек өнімдердің сапасын көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының еңбегін бағалап, ауыл шаруашылығына қосқан үлесін насихаттаудың тиімді платформасына айналды. Көрме барысында жергілікті шаруалардың табиғи әрі экологиялық таза өнімдері мен ұлттық тағамдарының кең таңдауы ұсынылды.

Іс-шараға Шарын, Тасқарасу, Бахар, Кыргызсай, Кіші Дихан, Ават, Дардамты, Үлкен Ақсу, Ақтам, Қалжат, Тиірмен, Кетпен ауылдық округтерінен кәсіпкерлер қатысты. Көрмеге гибридті тұқымдар, кептірілген жемістер, жеміс-жидектер, ұлттық қолөнер бұйымдары (көрпе, жастық), қолдан тігілген аяқ киімдер, кәдесыйлар, кондитерлік өнімдер, бал, балық және ет өнімдері, бидай ұны, жем, кебек, жартылай фабрикаттар мен қолдан жасалған әшекей бұйымдар қойылды. Бұл келушілерге ауылдың нағыз дәмін сезініп, табиғи өнімдердің сапасын бағалауға таптырмас мүмкіндік сыйлады.

Сонымен қатар, көрмеде ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өнімдердің кеңінен ұсынылуы қазақ халқының бай мәдениеті мен асханасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосты. Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі арттыруға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz