Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

Қазақстанның екі елдімекені АЭС салу орыны ретінде қарастырылып жатыр.

23.06.2023
Аймақ
Фото: alataunews.kz

Фото: alataunews.kz

Оның бірі — Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Дегенмен, стансаның ресми орны әлі бекітілген жоқ. Біздің тілшілер ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысу үшін елдімекенге барып қайтты.

О баста ауылда жылу электр стансасы салыну керек болған. Сол сәтте мамандар үшін көпқабатты үйлер тұрғызыла бастаған. Алайда, Кеңес үкіметі шағында бірқатар өзгерістер орын алып, құрылыс тоқтаған. Ал пәтерлерге қоныстанып үлгерген жұрт бұл жерде қалып қалған. Қазіргі таңда 31 үйдің көбі қараусыз қалған, бос тұр.

Үлкенде 1648 адам тұрақты мекен етеді. Адамдар көбіне балық аулаумен айналысады, балық зауытында, ауыл маңындағы электр стансасында жұмыс жасайды.

Тұрғындардың ауыл әлі де жанданатынына үміті үзілмеген. Айтуларынша, АЭС салынса, халық саны көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қаңырап, бос қалған үйлер қалпына келіп, ауылға жаңаша әр кіреді.

Фото: alataunews.kz

1 of 5
- +

«Бұл АЭС-ті бұдан ерте салу керек еді. Біз, керісінше, уақыт ағынына үлгермей жатырмыз. Қазақстанға электроэнергия жетпей жатыр. Сонымен қатар АЭС салынса, жаңа технологиялар енеді. Ешқандай радиациядан, атомнан қорықпау керек», — деді Үлкеннің байырғы тұрғыны Рахима Құсманқызы.

Бұл пікірмен ауыл тұрғыны Сергей Владимирович те келісіп отыр. Оның айтуынша, АЭС салу – елдімекеннің ғана емес, Қазақстанның дамуына да септігін тигізеді.

«АЭС салынса, шетелдіктердің Қазақстанға деген көзқарасы өзгереді. АЭС экологиялық жағынан да тиімді электр энергиясын шығару жүйесі. Кейбір адамдар уран өте қауіпті деп шағымданып отыр. Бірақ, меніңше, мұның барлығы адамдардың АЭС жұмысын білмеуінен туындаған. Сондықтан АЭС қалай жұмыс істейтінін халыққа түсіндіру қажет», — деді ол.

Тілшілер елдімекендегі мектеп, амбулатория, пошта қызметімен де танысты. Шағын медициналық нысанда адамдарға алғашқы көмек беріледі. Мұнда 2 дәрігер, орта санаттағы 6 санитар жұмыс жасайды, жедел жәрдем көлігі де бар. Ем-дом қабылдау үшін тұрғындар Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашқа жіберіледі. Амбулаторияға лаборатория және тағы бір жедел жәрдем көлігі қажет.

Ал білім ошағында 273 бала оқып жатыр. Биыл 19 түлек 11-сыныпты аяқтаған. Оның 5-еуі «Үздік аттестат», біреуі «Алтын белгі» иегері. Мектеп штатында 45 мұғалім, 35 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ ауылда шағын дүкен ашқан кәсіпкерлер де бар. Байқауымызша, саудалары жүріп тұр.

Ауылда 3 балық зауыты бар екенін айта кеткен жөн. Оның біреуі ғана тауарын экспорттауға сертификат иеленген. Қалғаны Қазақстанды балықпен қамтамасыз етеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыаэсБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz