Оның айтуынша, Үкімет құрылыс алаңын анықтауға жақын. Құрылыс алаңы ресми түрде анықталғаннан кейін тауар жеткізуші, өндіруші компаниялармен тығыз байланыс орнатылады.
«Қазақстандағы АЭС құрылысы халықаралық консорциум түрінде жүзеге асырылуы керек. Мұндай шешім Түркия, Венгрия, Франция, Оңтүстік Корея, Қытайда жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан алаңдарға сарапшылар тобы барып-қайтқан соң қабылданды», — деді төраға.
Ол АЭС құрылысында тиімді болатын бірнеше маңызды тараптарды атап өтті:
1. Ядролық арал салуда Ресей, Корея, Франция елдері жоғары технологияны ұсына алады.
2. Энергетикалық жабдықтар әкелуге «General electric» компаниясы және кәріс өндірушілерінің ең жақсы технологиялары тартылады.
3. Көмекші жабдықтардың қатарындағы автоматиканы, есепке алу жүйелерін, сорғы жабдықтарын өндіретін көптеген компаниялар бар. Олар негізінен Франция, Германия сынды Еуропа елдерінде шоғырланған.
Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылы бірыңғай блоктың форматы, құрылысы, орны, қуаты және қаржыландыру шарттары бойынша түпкілікті шешім қабылданатынын да жеткізді.
Aйта кетейік, биыл 9 маусым күні ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы облысы, Балқаш ауданы, Үлкен ауылы маңында АЭС салынатынын айтқан болатын.





