Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үй кезегіндегілерге қуаныш: Биыл Алматы облысында мыңдаған адам баспаналы болады

Алматы облысында әлеуметтік осал топтарды және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары айтарлықтай қарқын алып жатыр. Биыл өңірде жалпы саны 1700-ге жуық тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Оның 200-і – несиелік, ал 1500-і – халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған жалдамалы баспана, деп хабарлайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстық әкімдік мәліметінше, тұрғын үй сатып алу республикалық бюджет және мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен жүзеге асырылуда.

Республикалық бюджет есебінен 369 үй алу көзделген. Қазіргі таңда 200 үй сатып алынып, оның 187-сіне төлем жүргізілді. Әлі алынбаған 169 үй Балқаш, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары мен Алатау және Қонаев қалаларында орналасқан.

Мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қосымша 1331 үй сатып алу жоспарланған. Бүгінге дейін 444 үй алынып, 366-сына төлем жасалды. Алынбаған 887 үйдің басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында тіркелген.

Жыл басынан бері облыс бойынша 644 тұрғын үй сатып алынды. Оның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында – 175, Іле ауданында – 132, Жамбыл ауданында – 92, Қарасай ауданында – 75 үй алынған.

Ал қараша айының соңына дейін қосымша 618 үй сатып алу жоспарда тұр. Қазіргі уақытта 345 үй бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Желтоқсан айында тағы 438 үй алынады деп күтілуде.

Бұған қоса, Қонаев қаласында 195 үйдің құрылысы толық аяқталып, инженерлік желілер тарту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, биылғы жоспар толық орындалып, жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz