Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Алматы облысында Ассамблея ашу мәселесіне тоқталды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында Достық үйін ашу қажеттігін және оңтүстік өңірлерде Ассамблеяның бірқатар бөлімшелерін құрудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның осы уақытқа дейінгі қызметіне жоғары баға беріп, алдағы кезеңде жүзеге асырылуы тиіс маңызды міндеттерді атап өтті.

Президенттің айтуынша, бірінші кезекте Ассамблея өңірлік деңгейдегі жұмысын жандандыруы қажет. Ол былтыр Түркістан қаласында ашылған жаңа Достық үйінің маңызын ерекше атап өтті.

«Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу керек. Бұл ғимарат өңірдің қоғамдық өмірінің маңызды орталығына айналады. Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және өзге де этносаралық қатынастар ерекше назарды талап ететін аудандарда Ассамблея бөлімшелерін ашу қажет. Сонымен қатар, бірқатар қала мен аудан орталықтарында да жаңа Достық үйлері ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейтіп, барлық өңірдегі Достық үйлерін туристік бағыттар картасына енгізуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ, құзырлы органдар мен әкімдер Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуі тиіс екенін ерекше атап өтті.

Екінші маңызды міндет – бірлік пен келісім идеяларын ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттау.

«Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына жүктелетін кезек күттірмейтін міндет. Салаға жауапты министрлік пен өңір басшылары ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші БАҚ өкілдерін енгізіп, оның жұмысын бірыңғай алгоритммен жүйелеуі қажет. Сонымен қатар, этностардың ана тілдерінде жарық көретін, әсіресе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде қолдау көрсету маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz