Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалі өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық тіл фестивалі өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары мен өңір тұрғындары қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Фестиваль аясында өткен «Тіл және қоғам» көрмесінде жиналған жұртшылыққа Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, сондай-ақ қоғам және мәдениет саласының бірқатар өкілдері құттықтау сөзін арнады.

Өз сөзінде Қуат Байғоджаев тілдің ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығындағы рөліне тоқталды.
«Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан-жылға кеңейіп, жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналуда. Бұл – ең үлкен жетістігіміз», – деді ол.

Фестиваль барысында тілдерді дамыту ісіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар Алматы облысы әкімдігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының марапаттарына ие болды.

Өнер мерекесімен түйінделді
Салтанатты жиын «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен «Тіл – тарихтың айнасы» атты концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін ортақ шаңырақ астына біріктіретін мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатқан бұл фестиваль жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz