Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тереңқара өзенін ластағандар жауапқа тартылмақ

Алматы облысының Іле ауданында Тереңқара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивация) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр.

Мәселе алғаш рет 2024 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Қасымбектің бастамасымен көтерілген болатын. Ол өзен арнасына қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты бірнеше рет бақылаушы және экологиялық органдарға ресми хаттар жолдаған. Әкімнің табандылығының арқасында жағдайға бірқатар мемлекеттік құрылымдар назар аударып, экологиялық заң бұзушылықтарға ресми баға берілді.

Тексеру нәтижесінде Түймебаев ауылындағы жер телімінің иесі аумақты өз бетінше тегістеп, өзеннің табиғи арнасын ішінара жауып тастағаны анықталды. Мұндай әрекеттер өзеннің тереңдігі мен ағысын өзгертеді, ал бұл өз кезегінде экожүйеге және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, жер иесі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жылы Алматы облысы бойынша экология департаментінің тексерісі нәтижесінде оған 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда бұл талап әлі күнге дейін орындалмаған.

Соған қарамастан, прокуратура ауыл әкімі Бахтияр Қасымбекке де әкімшілік айыппұл салған. Қадағалау органы оны уақтылы әрекет етпеді деп таныған. Әкімнің өзі бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымдануға ниетті. Себебі дәл оның бастамасымен бұл мәселе алғаш көтеріліп, облыстық деңгейге жеткізілген.

«Табиғи аумақтардың ластану фактілері назардан тыс қалмайды. Өзен арнасын қалпына келтіру және тәртіп орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдік тарапынан бақылау күшейтіледі», – делінген Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында.

Қазіргі таңда барлық құжаттар Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына, Экология департаментіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.

Тереңқара өзені – Кіші Алматы өзенінің сол жақ саласы. Ол Қапшағай су қоймасына құяды. Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында өзеннің ұзындығы шамамен 17 шақырымды, ал су қорғау аймағының ені – 120 метрді құрайды. Экологтардың айтуынша, өзен арнасына кез келген араласу табиғи тепе-теңдікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz