Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Театр, жас маман, пәндік олимпиада: Қонаевтағы №5 мектептегі жаңалықтар

Бұған дейін Alataunews.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласында орналасқан мектептердің рейтингін жасаған.

18.09.2023
Аймақ

Нәтижесінде А. Жұбанов атындағы №5 мектеп пен Ш. Уәлиханов атындағы №2 мектеп 20% дауыспен ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Тілшілер тұрғындар мақтап, дауыс берген №5 мектепке барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Бұл оқу ошағы 1987 жылы салынған. Оқушылар орнының саны — 1176. Мұнда қазір 1453 оқушы екі ауысымда оқып жатыр.

Мектепте барлығы 115 педагог қызмет етеді. Оның ішінде 2 педагог-шебер, 19 педагог-зерттеуші, 19 педагог-сарапшы, 35 педагог-модератор бар. Жаңа оқу жылында 1 жас маман жұмысқа қабылданған. Ал еңбек өтілі 3 жылға жетпеген 8 педагог балаларға білім береді.

Мектеп бойынша 696 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған, оның 682-сі 1-4-сынып оқушылары. Асханада 180 орын бар.

Білім ордасының директоры Мақпал Байжанованың айтуынша, мектеп ұжымы, оқушылар қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Мысалы, «Мектепке жол — Жақсылық жаса» ұранымен өткізілген республикалық акцияда демеушілер, ата-аналар мен педагогтердің қолдауымен 30 балаға көмек көрсетілді. Оларға мектеп формасы, спорттық аяқ киім, спорт киімдері, мектеп сөмкесі, оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді.

Бұдан бөлек, Үкімет тарапынан «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 48 оқушыға бір реттік 40567 теңге көлемінде қаржылай көмек тағайындалды.

Бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Биыл оқу ордасының тиісті құжаттары дайындалып жатыр. Күрделі жөндеу 2025-2026 жылдары жүргізіледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар білім алушылардың республикалық, облыстық деңгейдегі жеткен жетістіктері аз емес. Толығырақ видеодан тамашалай аласыздар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаевмектеп

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz