Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғардағы табысты шаруа қожалығы: Мұсағали Әлімжановтың еңбекпен өрілген жолы

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Еркін ауылындағы Қайнар ауылдық округінде орналасқан «Әлімжанов М.М.» шаруа қожалығы өңірдегі тұрақты әрі нәтижелі шаруашылықтардың бірі ретінде кеңінен танылған. Бұл қожалықтың тарихы – еңбекпен, сабырмен және үздіксіз ізденіспен жеткен жетістіктің нақты үлгісі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Мұсағали Әлімжановтың шаруашылығы ресми түрде 2004 жылы тіркелгенімен, оның алғашқы іргетасы 1990 жылдардың басында қаланған. 1991 жылы «Алматинский» совхозы тараған соң, көптеген ауыл тұрғындары сияқты ол да жұмыссыз әрі жерсіз қалады. Дәл осы кезеңде Мұсағали Әлімжанов жеке кәсіп бастау туралы шешім қабылдаған.

Бұған дейін ол Еркін ауылында шамамен он жыл еңбек етіп, Алматы зооветеринарлық институтын ветеринар дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шаруашылықты нөлден бастау оңай болған жоқ. Аудандық жер қорынан мал жаюға және жем-шөп базасын жасау үшін 10 гектар жер бөлініп, алғашқы мал басы 30 бұқадан құралған. Бұл фермерлік жолдағы ең алғашқы әрі маңызды қадам болды.

Кейін шаруашылықты кеңейту мақсатында отбасылық кеңесте, ұлы Даниярдың қатысуымен қосымша 25 сотық жер сатып алу жөнінде шешім қабылданады. Бұл аумақта мал қоралары мен қоршаулар салынып, шаруашылық инфрақұрылымы біртіндеп нығая түсті.

Қазір шаруашылықта ет бағытындағы 130 бас бұқа және шамамен 30 жылқы өсірілуде. Мұсағали Әлімжанов жылдар бойы өз қаражаты есебінен техникалық базасын толық қалыптастырған. Тракторлар мен шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар түгелдей өз қаржысына алынған.

Ең бастысы – қожалық сыртқы жем-шөп жеткізушілеріне тәуелді емес.

Шаруа қожалығы жыл сайын мың тоннаға дейін жүгері дәнегін, сондай-ақ жоңышқа және басқа да мал азығын өсіреді. Өнімнің бір бөлігі өз қажеттілігіне жұмсалса, артығы нарыққа шығарылады.

Бұл тәсіл шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығын арттырып отыр.

Мұсағали Әлімжанов өз кәсібін нағыз отбасылық бизнес деп санайды. Негізгі көмекшісі – ұлы Данияр. Ол өндірістің барлық кезеңіне белсене араласады.

Сонымен қатар шаруашылықта тұрақты түрде бес адам жұмыспен қамтылған.

Малдың бір бөлігі бордақылауда болса, екінші бөлігі айналымда ұсталады. Бұл өндірісті алдын ала жоспарлап, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Қысқы маусымға дайындық фермерлік шаруашылықта ерте басталады. Биыл мыңға жуық жоңышқа тайлағы, сенаж және құрама жем қоры әзірленген.

Ет өнімі Талғар мен Алматы қалаларының базарларына жөнелтіледі. Жылдық өндіріс көлемі 65 тоннаға дейін жетеді.

Фермердің айтуынша, бұл – тек кәсіп емес, жан қалауымен таңдалған өмірлік жол. Мұсағали Әлімжанов отбасын асырап қана қоймай, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өңір экономикасының дамуына да өз үлесін қосып келеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz