Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғарда газ баллоны жарылып, ер адам ауыр күйік алды

Талғар аудандық орталық ауруханасына 1980 жылы туған ер адам ауыр хәлде жеткізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, оның денесінің шамамен 35 пайызы күйіп, беті, мойны, кеудесі, екі қолы мен аяқтары жарақаттанған. Сонымен қатар жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, барожарақат алғаны анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат тұрмыстық жағдайда орын алған. Ер адамның үйінде газ баллоны жарылып, ол бір сәтте ауыр жарақатқа душар болды.

Дәрігерлер науқастың өмірі үшін бір секунд та жоғалтпай күресті. Алдымен реанимация бөлімінде тынысын тұрақтандырып, ауырсынуын басу, инфузиялық және уытсыздандыру терапиясы жасалды. Кейін жағдайы жақсарған соң травматология бөліміне ауыстырылып, емді травматологтар мен комбустиолог жалғастырды. Сондай-ақ реаниматологтар да белсенді түрде атсалысты.

Науқасқа хаттамаға сәйкес кешенді ем жүргізілді: күйік беттерін өңдеу, антибиотиктер мен анальгетиктер тағайындау, тұрақты бақылау және тыныс алу функциясын қолдау.

Талғар аудандық ауруханасының медициналық персоналының үйлесімді жұмысының және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы емнің арқасында ер адам үш аптадан кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz