Талғарда бүгін, 15 желтоқсанда қаланың жаңа әкімі сайланып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.
Талғар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат таласып жатыр:
- Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Amanat партиясы ұсынған. «Талғар тұрғын үй» ЖШС-ның басшысы;
- Жәнібек Жанболатұлы Қаденов 1991 жылы туған. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) ұсынған. Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді;
- Әлібек Ғайсаұлы Рамазанов 1982 жылы дүниеге келген. Өзін-өзі ұсынған. Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкімінің орынбасары қызметін атқарады.





