Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында көктемгі егіс науқанына дайындық белсенді жүргізілуде

Биыл Талғар ауданында шамамен 20 мың гектар алқапқа егін егу жоспарланған. Оның 50%-ы дәнді дақылдарға, 1800 гектары майлы дақылдарға, 700 гектары картопқа, 900 гектардан астамы көкөністерге, 100 гектары бақтарға, ал шамамен 5700 гектар мал азығына бөлінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Наурыз айынан бастап 12 мың гектарда тырмалау және ылғал сақтау жұмыстары жүргізілуде. 7400 гектар жер жыртуға, 13 мың гектардан астамы себу алдындағы өңдеуге дайындалуда. Күздік дәнді дақылдар 3 мың гектарды алып жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Аграршылар көктемгі дала жұмыстарына 600-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын дайындады. Олардың қатарында тіркемелер, соқалар, сепкіштер мен басқа да құрал-жабдықтар бар. Сонымен қатар, 18 млн теңгеге екі жаңа трактор іске қосылды, ал Lovol маркалы тағы төрт техника лизингке рәсімделуде.

Өткен жылы аудан шаруашылықтары 500 млн теңгеден астам сомаға 47 бірлік техника сатып алды. Биылғы маусымға 12 шаруашылық 800 тонна дизель отынына сұраныс беріп отыр. Тиісті келісімдер «Петрофон» компаниясымен жасалуда.

Фермерлер 860 тоннадан астам минералды тыңайтқышқа тапсырыс берді. Жеткізушілер қатарында «ҚазАзот», «ҚазФосфат», «АгроМарт» және «Әлем Агро» компаниялары бар. Сонымен бірге, «Кеңдала» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы арқылы 211 млн теңгеден астам сомаға өтінім берілді.

Суару жүйесі – ауданның басты назарында. Негізгі су жеткізушілер – жергілікті су шаруашылығы басқармасы мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Өткен жылы үш арнаны қайта жаңғыртуға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Ақпан айында өткен ауыл шаруашылығы оқуларында егіс науқаны мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Қазір 22,6 мың гектар суармалы жердің 4,6 мың гектары заманауи әдістермен қамтылған. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары ұлғайтылмақ.

«Нұрбеков» фермерлік шаруашылығы «Спецконструкция» компаниясымен заманауи суару жүйесін енгізуге келісім жасасты. Басқа шаруашылықтар да су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануға кірісіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz