Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылды

Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде Талдықорған қаласында Абайдың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21.03.2023
Аймақ
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақынның мүсіні Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрының алдына қойылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Парламент Сенатының бірқатар депутаттары, Абай облысынан арнайы өкілдер, сол қатарда Құнанбай қажының тікелей ұрпағы Хусман Верлишев, сол сияқты өнер майталмандары, өңірдегі ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ескерткіштің ашылу салтанатының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Абай» қойылымының үзіндісімен ашылды. Қойылымда Бикен Римова атындағы драма театрының әрістерімен бірге басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Болат Әбділманов өнер көрсетті.

Ескерткіш ресми түрде ашылып, алдына гүл шоқтары қойылды.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жетісулықтарды айтулы тарихи жаңалықпен құттықтап, Абай ескерткіші ашылуының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінде үлкен символдық мән бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында Жетісу жерінде Абай ескерткішін орнатудың орындылығына назар аударып, осы іске қозғау жасағанын еске салды.

«Қалалық қоғамдық кеңестің шешімімен ескерткіштің Бикен Римова атындағы драма театрының алдына қойылуы өнер ордасының рухын одан сайын биіктете түсті. Абайдың сөзімен айтсақ, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды». Бұл — руханияттың ғұмыры мәңгілік екенінің айқын айғағы. Осы игі шараның Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінде үлкен мән бар. Наурыз тіршіліктің нәрі, барша игіліктің қайнар көзі болса, Абай – қазақ халқына рухани серпіліс әкеліп, ұлттық сананың жаңғыруына жолбасшы болды. Сондықтан осы екі қастерлі құндылығымыздың бір-бірімен астасуы, қуаныштардың қатар келуі заңды», — деді Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі қоғамның қай тақыбырын болсын өз шығармашылығында кеңінен қамтыған қайраткер ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің маңызы әлі күнге өзекті екенін тілге тиек етті.

Ол ескерткіштің идеясын ұсынған авторлардың бірі, белгілі сәулетші марқұм Ақмырза Рүстембековті терең ризашылықпен еске алып, шараға арнайы қатысып отырған мүсінші Мейірлан Әзмағанбетовке көпшіліктің атынан алғысын білдірді.

Мұнан соң Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп жетісулықтарға ізгі тілегін арнап, ескерткіштің ашылуымен құттықтады:

«Бүгін Жетісудың төрінде үлкен тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Абай «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деп бекер айтқан жоқ. Бұл сөз осы 21-ғасырдың иығында тұрған біздің әрқайсымыздың санамызда жатталып тұруы керек. Абайдың жолы – әділеттің жолы, ар-намыстың жолы, ақиқаттың жолы, қанағаттың жолы, береке-бірліктің жолы. Абайдың жолынан айнымай, Абайдың аманатына адал болайық», — деді Жүсіп өз сөзінде.

Құнанбай қажының ұрпағы Хусман Верлишев Абай облысы әкімінің және ақынның туған өлкесінің ыстық сәлемін жеткізіп, батасын берді. Бұдан әрі мереке Абай әндерімен жалғасты.

Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры — 5,3 метр, мүсіні – 3,6 метр. Ескерткіштің сәулетшісі – Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші Ақмырза Рүстембеков. Мүсіншісі – Мейірлан Әзмағанбетов. Ол бұған дейін Талдықорғандағы Сүйінбай Аронұлының, Ғали Ормановтың, Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштерін, «Аялы алақан» композициясын жасаған.

Тегтер: АбайескерткішЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz