Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Жетісу облысының тұрғындарын 24 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот басталды, деп хабарлады Polisia.kz.

23.05.2023
Аймақ

Талдықорған қаласында алаяқтықтың бірнеше дерегі бойынша 41 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды.

Қылмыстық іс материалдарында жәбірленуші ретінде 16 адам көрсетілген, олардың негізгі бөлігі 20-23 жас аралығындағы жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері.

«Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелді өткен жылдың соңында ұстаған. Оған қатысты «ешқайда кетпеу» және «өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу материалдарына сәйкес, дәлелденген дерек бойынша жәбірленушілерге келтірілген залал 24 миллион теңгеден асты. Ақшалай немесе тауарлық несиелер микрокредиттік ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер арқылы ресімделген», — делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Алаяқтық) сараланып отыр.

Сот үкімі шыққан жоқ. Дегенмен, күдіктінің құрбандары қысқа мерзімде дәлелдер жинап, істі Фемида өкілдерінің қарауына жіберген қалалық полиция тергеушісіне алғыс білдірді.

«Осы фактіге қатысты қоғамның наразылығын ескере отырып, қылмыстық істі тергеу облыстық полиция мен қадағалау органының ерекше бақылауында болды. Істі сотқа жібергеннен кейін жәбірленушілер қоғам наразылығына ілінген істі тергеп-тексеруде объективтілік танытқаны үшін тергеуші Надия Нұралиноваға алғысын білдірді», – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Тегтер: алаяқтықЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

«Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдумға дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қонаевта референдум ақсақалдың батасымен басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум: дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz