Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда самокат ұрлаған екі әйел ұсталды

Талдықорғанда электросамокаттарды ұрлады деген күдікпен екі әйел ұсталды. Келтірілген залал 850 мың теңгеге бағаланған.

26.04.2023
Аймақ

24 сәуірде Талдықорған қаласының полицейлеріне жергілікті кәсіпкерлердің бірі хабарласып, екі электр самокаты ұрланғанын айтқан. Ер адамның жүзден астам самокаты бар. Оларды тұрғындар қаланың бір нүктесінен екінші нүктесіне жету үшін жалға алады. Транспорттың әрқайсысында JPS және төлем жасалатын арнайы бағдарлама орнатылған.

«Самокаттар қаланың әр жерінде ұрланған. Келтірілген залал 850 мың теңгені құрады. Жедел қызметкерлер мен патрульдік полицейлер қолды болған көлікті бірнеше сағатта тауып, заңды иесіне қайтарды. Күдікті ретінде 34 және 42 жастағы екі әйел ұсталды. Олардың бірі облыс орталығында, екіншісі жақын орналасқан елді мекенде тұрады», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тегтер: Жетісу облысысамокатТалдықорғанұрлық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz