Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда алаяқтықпен айналысқан 4 әйелге сот үкімі шықты

Талдықорғанда 11 қылмысқа қатысы бар алаяқтар тобына сот үкімі шықты, деп хабарлайды alataunews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11.08.2023
Аймақ

Жетісу полицейлері Талдықорғанда 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденген алаяқтар тобына байланысты тергеуді аяқтады. Келтірілген шығын көлемі 53 млн теңгеден астам соманы құрады.

Топтың құрамына соңғы бірнеше жыл бірлесіп алаяқтықпен айналысқан 34-49 жас арасындағы төрт әйел кірген.

Айыптау қорытындысына сәйкес, қылмыстық топтың іс-әрекеті жақсы ұйымдастырылған, олар негізінен қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесуге уәде берген. Атқарылған жұмыс үшін алаяқтар шетелдік және ұлттық валютамен, аударым арқылы және қолма-қол сыйақы алған. Бір жағдайда олар тіпті тірі мал алуға келіскен. Тергеу амалдары бірнеше айға созылып, нәтижесінде 4 күдікті де сотталушылар орындығына отырды.

Сот айыпталушылардың әрқайсысында жас балалардың болуын және жасаған қылмыстарын мойындап, өкінетіндігін, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық қалпына келтіргендігін ескерді. Сот үкімімен сотталушылардың біреуіне шартты түрде 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған үшеуіне 3,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz