Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда 5 жасар қызын өлтірген әйел мен сыбайласы сотталды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 5 жасар қызын өлтірген анасы мен оның серігіне қатысты үкім шығарды.

28.12.2022
Аймақ

Айта кетейік, жеті ай бұрын Сарқан қаласының шетіндегі қоқыстан 5 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Аружан есімді қыздың мәйіті қоқыста үш ай бойы жатқан. Қаңқасы ғана қалған баланың мәйітін далада ойнап жүрген балалар тауып алған.

Кейін қызды туған анасы мен нағашы ағасы қылқындырып өлтіріп, қоқысқа тастап кеткені белгілі болған. Ал баланы анасы 14 жасында босаныпты. Оны сол кезде ағасы зорлап, жүкті болып қалған.

Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады, ол қыздың ақпанда аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, қыз бала церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.

Сот мәліметінше, сотталушылар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп алдына ала сөз байласу арқылы, еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген, содан соң баланың мәйітін жасырып, екеуі оқиға орнынан таса болған.

«Баланы өлтіру дерегі бойынша нағашы ағасы мен шешесіне қатысты сот үкімі жарияланып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

Тегтер: Жетісу облысықылмыстық ісСарқан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz