Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорған тұрғыны пәтерін есірткі жасайтын фитозертханаға айналдырған

Талдықорғанда пәтерлердің бірінен есірткі өндіретін фитозертхана анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

20.10.2022
Аймақ

Пәтердің иесі 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол жатын бөлмесін есірткі жасауға арналған фитозертхана ретінде жабдықтап, арнайы жарық шамдарының астында бақша құмыраларына 10 түп марихуана отырғызған.

«Зертхана көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Күдікті ер адам бұрын жауапқа тартылмаған. Қазіргі кезде өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адамға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Жетісу облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Пәтердің тағы бір бөлмесін тінту кезінде тәртіп сақшылары белгісіз саңырауқұлақтарды тапты. Саңырауқұлақтар тәркіленіп, олардың құрамында есірткі барын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Айта кетсек, жыл басынан бері өңірде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 10 фактісі тіркелді. 20-дан астам есірткі сатушы жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 40 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді.

Тегтер: ЕсірткіЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz