Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Табиғатты аялаған еңбек иелеріне құрмет

Алматы облысында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға орман саласының ардагерлері мен еңбеккерлері, сондай-ақ облыстық және аудандық мекемелердің өкілдері қатысты., деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиын барысында табиғатты қорғау ісіне айрықша үлес қосқан сала қызметкерлеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сондай-ақ «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері табыс етілді.

Мерекелік шара аясында Кеген орман шаруашылығының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Заманауи талаптарға сай салынған нысан орманшылардың тиімді әрі жайлы жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ел экологиясын сақтау жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.

«Орман шаруашылығы – табиғат пен экологияның тірегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындауда Алматы облысы алдыңғы қатарда. Бұл бағыттағы жұмыс сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жүзеге асып жатыр», – деді ол.

Биыл орман мекемелерін материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға 217,9 миллион теңге бөлініп, патрульдік автокөліктер, тракторлар мен экскаваторлар сатып алынды. Сонымен қатар, 829 миллион теңгеге өртке қарсы 26 техника алу және өрт қаупі жоғары аймақтарға 18 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйелер орман өрттерін ерте анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Салтанатты жиын жылы лебіздер мен мерекелік құттықтауларға ұласып, табиғатты қорғауға өмірін арнаған орманшылар қауымының еңбегіне құрмет көрсетілді.

Мереке соңында қатысушылар орман саласы мамандарына алғысын білдіріп, олардың табиғатты аялау жолындағы игі істеріне табыс тіледі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz