Саят Маратұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ол 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында түрлі мемлекеттік мекемелерде жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын иеленген. Кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы болып еңбек етті. Бұдан бөлек, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жаңа басшының салалық тәжірибесі мен мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолы су ресурстары мен ирригация саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге серпін береді деп күтілуде.





