Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл әкімі: Шеңгелдіде жайылым жер мәселесі шешілген жоқ

Мұны Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіне іс-сапармен барған Alataunews.kz тілшісіне елдімекеннің әкімі айтты.

14.09.2022
Аймақ

Алматы облысының әкімі 23 маусым күні Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауыл тұрғындары жайылым жердің жетіспеушілігіне, Қосқұдықта спорт алаңы мен медицина пунктінің жоқтығына, суару желілерінің тозғанына шағымданған болатын.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

«Облыс әкімімен кездесу кезінде айтылған мәселелер ретке келтірілді. Тек жайылым жердің жетіспеушілігін бір жолға қоя алмай келеміз. Салдарынан тұрғындардың малы егістікке кіріп кетіп, дақылдарды отап кеткен кезі болды. Бұл жөнінде халықпен тағы кездесіп, мән-жай түсіндірілді. Қазір егістік түгелдей шабылған соң, малды сол жерге жаюға рұқсат бергелі отырмыз», — деді ауыл әкімі Мақсат Жазиев.

Оның айтуынша, Қосқұдықта мед.пункт құрылысы аяқталуға жақын. Осы жерде «Wоrk Out» салынып, тамызда қолданысқа берілді. Спорт алаңының құрылысы басталды.

Қосқұдық ауылының тұрғыны болса, мердігер компанияның ұқыпсыз салған «Wоrk Out» кешенінде есік жоқтығын, алаңды мал аралап жүргенін айтады.

«Айтылған уәде істелді. Десе де, осындай олқылықтар болып тұрғаны көңіл көншітпейді. Алаңның тазалығына алаңдап, әкімдікке бірнеше рет хабарласқанымызбен еш шара қолданылмады», — дейді атын жасыруды сұраған ауыл тұрғыны.

Мақсат Жазиев жиында айтылған келесі мәселе бойынша су арналарын басқару – әкімдік құзіретінде емес екенін айтты.

«Су арналарына жеке серіктестіктер иелік етеді. Сәйкесінше, оның жөндеу жұмысына канал иелері жауап береді. Биыл керекті есеп жүргізе отырып, су тарифін 8 теңгеден 13 теңгеге көтерді. Жалпы, алдағы уақытта тамшылатып суару секілді су мен қаржыны үнемдейтін жүйеге көшеміз», — деді ауыл әкімі өз сөзінде.

Мақсат Жазиевтің сөзіне қарағанда, әкімдік барлық мәселелердің шешімін табу үшін жан-жақты жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: жайылым жерҚонаевШеңгелді

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz